Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әділет Жауғашардың такси жүргізушісі болып жүргені рас па

Жарияланған күні:

Әділет Жауғашар
Әділет Жауғашар. Видеодан кадр: insagram.com/ adilet_zhaugashar

Отандық әнші Әділет Жауғашар такси жүргізушісі болып жүр. Өнер иесі жаңа қызметінде түсірген видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Бірақ бұл әншінің жеке концертіне дайындығы ғана, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әділет Жауғашар "Әділетті Taxi" деп аталатын айдарында көлікке жолаушыны отырғызып, артынша әр орындауды көздейді. Осылайша жолаушының көңілін көтереді.

Кадрларға сүйенсек, көлікке отырған қыз да Әділет Жауғашардың даусына тамасанып, оны видеоға түсіріп алған. Ал өнер иесі оған "Сенің күлгін көйлегің" әнін орындап берген.

Айта кетейік, жақында Әділет Жауғашар жеке шығармашылық кешін өткізбек. Яғни, бұл оның алдыңғы кешіне дайындығы әрі жарнамасы деуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2150973-adilet-zhaugashardyng-taksi-zhurgizushisi-bolyp-zhurgeni-ras-pa/