Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртас әйелімен және балаларымен демалысты қалай өткізгенін көрсетті (видео)

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукәрімова
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукәрімова. Фото: instagram/kair_n

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас желіде әйелі мен ұлдарымен түскен видеосын жариялап, демалысын қалай өткізгенін көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Қайрат Нұртас отбасылық демалысының видеосын Instagram-дағы парақшасында бөліскен. Онда әнші әйелі мен ұлдарымен алдымен сән салонына барып, артынан мейрамханада тамақтанғанын көруге болады.

Ерлі-зайыпты қазақи нақыштағы мейрамханада өлең тыңдап, ерекше уақыт өткізген.

Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова желіде түскі ас кезінен фото жариялап, әлемдегі ең ғажап жігітпен тамақтанып отырғанын жазған болатын. Актрисаның бұл жазбасы көпшілікті ойландырып қойған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2151006-qairat-nurtas-aieli-men-uldarymen-qalai-demalys-otkizgenin-korsetti-video/