Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаман болуға хақың жоқ": Роза Әлқожа тойда жұрттың қошеметіне бөленіп, батасын алды (видео)

Жарияланған күні:

Роза Әлқожа
Роза Әлқожа. Видеодан кадр: instagram.com/ roza_alqozha

Отандық эстрада жұлдызы Роза Әлқожа тойда жұрттың қошеметіне бөленіп, батасын алды. Бұл туралы әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Видеодан Роза Әлқожаға алғыс білдіріп жатқан әйелді байқауға болады.

"Өлеңін тыңдаймын, қараймын. Сізге өмірдегі бар жақсылықты тілеймін. Жұмысыңыз өрлей берсін. Келін түсіріп жатырсыз, Алла бұйырса, сізге немере сүюді нәсіп етсін.

Жұмысыңыз жемісті, табысты болсын. Әрқашан халықтың сүйікті, сүйкімді әншісі болуыңызға шын жүректен шын жүректен тілектеспін", - дейді ол.

Артынша залда отырған халық әншіге қол соғып, қошемет көрсетеді.

"Осылай орамал тағып, батасын беріп, жарқыратып жіберетін апаларым ғой. Жақсысың деген соң жаман болуға хақың жоқ", - деп жазды өнер иесінің өзі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2151084-zhaman-boluga-haqyng-zhoq-roza-alqozha-toida-zhurttyng-qoshemetine-bolenip-batasyn-aldy-video/