Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біздің үйге бүгін екі шапан": халық тойда Бүркіт пен Аишаға ерекше құрмет көрсетті (видео)

Жарияланған күні:

Бүркіт пен Аиша
Бүркіт пен Аиша. Видеодан кадр: instagram.com/ berkut_aibekjan

Отандық эстрада жұлдызы Бүркіт пен жұбайы Аишаға халық тойда ерекше құрмет көрсетті. Айбек Жансейітов ерекше сыйлығы жайында Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Тойдағы видеоға үңілсек, халықтың әншіге шапан жауып, жұбайы Аишаға орамал таққанын байқауға болады.

Бұл қошеметке ерекше қуанған Айбек Жансейітов жазба қалдыруды ұмытқан жоқ.

"Байқағаным, шапан киіп кеткен бір ерекше сезім. Аллаһ разы болсын! Бізді үйге бүгін екі шапан", - деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, осыған дейін әнші Роза Әлқожаға да халық ерекше құрмет көрсеткен еді. Бұл туралы өнер иесі желідегі өз парақшасында жазып қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2151181-bizding-uige-bugin-eki-shapan-halyq-toida-burkit-pen-aishaga-erekshe-qurmet-korsetti-video/