Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төртінші қызы дүниеге келген Баян Мақсатқызы перзентханадан шықты (фото)

Жарияланған күні:

Баян Мақсатқызын перзентханадан шығару сәті
Баян Мақсатқызын перзентханадан шығару сәті. Фото: instagram.com/ aissaulebakytbek

Күні кеше қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызы төртінші қызы дүниеге келгенін хабарлады. Ал бүгін жақындары актрисаны перзентханадан шығарып алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Перзентханадан шыққан суретін 50 жастағы продюсер Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді. Оны барлық отбасы мүшесі қарсы алған. Кадрлардан Баянның жолдасы Тұрсын Алагөзовті, қыздары Айсәуле Бақытбек пен Айару Бақытбекті, сондай-ақ басқа да туыстарды көруге болады.

Ал кішкентай Алманың әкесі медициналық маска тағып алған. Суретте ол жаңа туған нәрестені қолына ұстап отыр.

"Үйге", - деп жазды төрт баланың анасы.

Баян Мақсатқызының перзентханадан шыққан сәті
Баян Мақсатқызының перзентханадан шыққан сәті. Скриншот: instagram.com/ bayanmaxatkyzy

Айта кетейік, күні кеше Баян Мақсатқызы төртінші қызы дүниеге келгенін хабарлады. Ал тамыз айының басында продюсер үшінші қызының жарық дүние есігін ашқанын қуана жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2151189-tortinshi-qyzy-duniege-kelgen-baian-maqsatqyzy-perzenthanadan-shyqty-foto/