Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гүл көп сыйлап қояды": Дариға Бадықова Олжас Абаймен арақатынасы туралы айтты (фото)

Жарияланған күні:

Дариға Бадықова мен Олжас Абай
Дариға Бадықова мен Олжас Абай. Видеодан кадр: Instagram/dariga_badykova

Қазақстандық танымал актриса әрі кинопродюсер Дариға Бадықова желіде оқырмандарымен тілдесіп, ел көкейінде жүрген бірқатар сұраққа жауап берді. Кино жұлдызы өнердегі әріптесі Олжас Абаймен арақатынасы қандай екенін ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дариға Бадықова Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап ашып, оқырмандарымен сыр шертісті. Өнер иесі белгілі актер Олжас Абай туралы келіп түскен сауалға да жауап берді.

"Олжас Абай сыйлық сыйлап тұрады ма?", - деген сұрақ қойды оқырмандарындың бірі.

Бадықова өнердегі әріптесі сыйлаған заттарды көпшілікке көрсетті.

"Сараңдығы жоқ достың. Сыйлық жасап тұрады. Гүл көп сыйлап қояды. Қолымдағы гүл және мойнымдағы әшекей сол кісінің сыйлығы", - деп жазды актриса.

Сонымен қатар Бадықова Олжас Абаймен жақсы дос екенін айтып, онымен қартайғанша араласуға ниетті екенін жеткізді.

"Араласып жүрміз. 80 жасқа келгенше араласайық дегенбіз", - деді өнер иесі.

Дариға Бадықованың Stories-i
Дариға Бадықованың Stories-i. Скриншот: Instagram/dariga_badykova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2151450-gul-kop-syilap-qoiady-dariga-badyqova-olzhas-abaimen-araqatynasy-turaly-aitty-foto/