Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлдилеп отыра алмаймын": денсаулығы сыр берген Дариға Бадықова қазіргі жағдайын айтты

Жарияланған күні:

Дариға Бадықова
Дариға Бадықова. Фото: instagram.com/ dariga_badykova

Жақында ғана денсаулығы сыр бергенін хабарлаған Дариға Бадықова желіде байланысқа шығып, өзінің қазіргі жағдайын айтты. Өнер иесі бүгінде ем қабылдап жатқанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дариға Бадықова Instagram-дағы парақшасында өзі үшін алаңдаған оқырмандарымен тілдесіп, денсаулығы қалай болғанын айтты.

"Емделіп жатырмын. Шыдамсызбын, тірліксіз отыра алмаған соң, ауруды әлдилеп отыра алмай отырмын. Дәрігерлер басқалар сияқты әлдиле деп жатыр. Жан-жақтан қаныңды ішіп хабарласатындар бар", - деп жазды актриса.

Сонымен қатар өнер иесі қандай адамдарды ұнатпайтынын айтты.

"Жақсылықты көре алмайтын, жақсылығыңды айта алмайтын, бөсіп сөйлейтін, қолынан дым келмейтін, ниетім таза деп, бірақ әрекетсіз отыратын, біреуге міндет қылатын міндетшілдерді ұнатпаймын", - деп жазды кинопродюсер.

Дариға Бадықованың Stories-i
Дариға Бадықованың Stories-i. Скриншот: Instagram/dariga_badykova

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2151495-aldilep-otyra-almaimyn-densaulygy-syr-bergen-dariga-badyqova-qazirgi-zhagdaiyn-aitty/