Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұңайтқым келмейді": Абай Бегей тұрмысқа шыққан қызына әсерлі жазба арнап, елді жылатты

Жарияланған күні:

Абай Бегей қызымен
Абай Бегей қызымен. Фото: Instagram/abai_begei

Қазақстандық танымал әнші Абай Бегей желіде тұрмысқа шыққан қызы Сымбатқа әсерлі жазба арнады. Өнер иесі отау құрып жатқан перзентіне әкелік ақылы мен тілегін айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Абай Бегей күні кеше дүркіреп өткен үйлену тойдан кейін Instagram-дағы парақшасында әсерлі жазба жариялаған. Өнер иесі қызына әкелік ақ тілегін жолдап, елді жылатты.

Шоу-бизнес жұлдызы мәпелеп өсірген қызының тек қуанып жүргенін көргісі келетінін алға тартты.

"Симбиім қызым. Менің мәпелеп өсірген аппақ гүл-қызым! Ендігі жердегі тілегім саған арналады. "Қыз бала – қонақ" деген осы екен. Маған өзіңе сөз арнау өте ауыр, қызым! Сені мұңайтқым келмейді, қуантқым келеді. Өйткені, өз қалауыңмен тең қосағыңды тауып, бақытты сапарға шығып барасың. Мен осыны ойлап қуанамын! Бүгін жота басына қатар тігілген қос шыбықтарым – күйеу балам Мұстафа екеуіңе бар айтар тілегім; қараған ел қызығатын, қою көлеңкесі ел игілігіне асатын жемісті бәйтерекке айналыңдар. Ертең аппақ желегі желбіреп келін болғалы тұрған қызым, саған айтарым: сен де құдағилыққа жетіп, тілек айт! Бастарыңды - бұлт, бауырыңды мұз шалмасын", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2151607-abai-begei-turmysqa-shyqqan-qyzyna-aserli-zhazba-arnap-eldi-zhylatty/