Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақпан айында той жасаймыз": тұрмысқа шыққан Айгүл Иманбаева мәһрге не сұрағанын айтты

Жарияланған күні:

Айгүл Иманбаева
Айгүл Иманбаева. Скриншот: "Қыздар-ай" бағдарламасы

Жақында ғана тұрмысқа шыққан Айгүл Иманбаева не себепті үлкен той жасамағанын түсіндіріп, күйеуінен мәһрге не сұрағанын айтты. Өнер иесі бұл жолы мәңгілік махаббатын жолықтырғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүгінде бақыттан басы айналып жүрген Айгүл Иманбаева "Мамский әңгіме" подкастында жеке өмірі туралы жан сырын ақтарды. Өнер иесі мәңгілік махаббатын жолықтырып, саналы түрде шешім қабылдағанын айтты.

Әнші ақпан айында Майамиде үйлену тойын жасайтынын хабарлады.

"Қазіргі тапқан адамым – мәңгілік махаббатым. Саналы түрде шешім қабылдадым. Бақытты сәтімде ұлым да, құрбым да жанымнан табылды. Мәһрге Lamborgini көлігін сұрадым. "Қазақша үлкен той жасағың келе ме? Алматыда өткізейік" деп сұрады. Мен қарсы болдым. Десе де ет-жақындарымызға Майамиде ақпан айында той жасаймыз деп шештік", – деп ағынан жарылды актриса. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2151852-aqpan-aiynda-toi-zhasaimyz-turmysqa-shyqqan-aigul-imanbaeva-mahrge-ne-suraganyn-aitty/