Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелінің қолынан шай ішемін": Иманбаева бұрынғы күйеуімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты

Жарияланған күні:

Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықов ұлымен
Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықов ұлымен. Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен бүгінде қарым-қатынасы қандай екенін ашып айтты. Өнер иесі экс-күйеуінің үйіне барып, келіншегінің қолынан шай ішіп тұратынын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева ажырасып кеткен соң бұрынғы жолдасымен жақсы қарым-қатынас сақтап қалғанын айтты. Ол бүгінде Әбдіхалықовқа деген ешқандай өкпе-реніші жоқ екенін жеткізді.

Өнер иесі экс-күйеуінің денсаулығына алаңдайтынын жасырмады.

"Мен анамның тағдырын қайталаған адаммын. Ол ажырасып, балаларын жалғыз өсірді. Мен де ұлымды жалғыз тәрбиеледім. Дәл қазір бұрынғы күйеуіме деген ешқандай өкпе-реніш жоқ. Тіпті реніштің ұшқыны да жоқ. Ол біздің үйдің адамы секілді. Ауырып қалса, аман жүрсе екен деп тұрасың. Бір жетістікке жетсе қуанасың. Келіншегі босанса "Асек жалғыз емес, бауырлары дүниеге келіп жатыр" деп қуанасың. Бұрындары екеуміздің де кемшілігіміз болды, ақыл тоқтатпаған жаста едік. Бір-бірімізді жей бердік. Ақыры екі жаққа кеттік. Кейін психология саласы барып, жан жарамды емдеп шықтым деп айта аламын. Қазір біз қал-жағдай сұрасып тұратын жағдайға жеттік. Оған жету үлкен күшті қажет етеді", - деді актриса.

Оған қоса Иманбаева Сәбит Әбдіхалықовтың қазіргі келіншегімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты. Әнші бұрынғы жолдасының үйіне барып, әйелінің қолынан шай ішіп тұратынын жеткізді.

"Қазір Сәбит екеуміз ұлымыздың киносына түсіп жатырмыз. Алдында туған күні болған. Бәріміз түсірілім алаңында жүрміз. Бәрі біткен соң, Сәбиттің үйіне барып, Диконның шайын іштік. Ет жеп, артынан бәрін жинасып көмектестім. Үйде бұрынғы енем де болды. Сырттан қарасам қазақтың миына сыймайтын дүние секілді. Қазақтардың санасында "ажырастың ба, өлгенше жауласу керек" деген ой қалыптасып кеткен. Туған күнінде Сәбиттің келіншегіне көмектесуге тырыстым. Ол дастархан жайып жатса, мен кесе-қасықтарын қойып деген сияқты. Қарым-қатынасымыз шүкір жақсы", - деп ағынан жарылды Иманбаева "Мамский әңгіме" подкастында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2151960-aielining-qolynan-shai-ishemin-imanbaeva-buryngy-kuieuimen-qandai-qarym-qatynasta-ekenin-aitty/