Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құны 1 млн 500 мың теңге: Абай Бегейдің қызы енесіне қымбат сыйлық жасады (видео)

Жарияланған күні:

Сымбат Абайқызы енесімен
Сымбат Абайқызы енесімен. Видеодан кадр: Instagram/symbatabaikyzy

Бірер күн бұрын ғана тұрмысқа шыққан Абай Бегейдің қызы енесіне қымбат сыйлық тарту етті. Сымбат Абайқызы үйлену тойын арманындағыдай өткізіп берген жолдасының анасына алтын сағат сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сымбат Абайқызы енесіне қымбат сыйлығын табыстаған сәтті Instagram-дағы парақшасында көпшілікке көрсетті.

"Тойымды армандағынымдай күшті өткізіп бергеніңіз үшін рақмет. Маған "ботақаным, осы тойда үш көйлек киші, үш көйлек ауыстыр, бәрі өзіңнің армандағаныңдай болсын" деп жүгіріп жүргеніңіз үшін рақмет. Сізді қатты жақсы көремін. Осы күнгі дейін өзім жинаған ақшама сізге сыйлық алдым. Соны табыстағым келіп тұр. Сізге өзіңіз қалап жүрген 1,5 млн теңгеге алтын сағат алдым", - деді әншінің қызы.

Видеодан енесінің мұндай бағалы сыйға қатты таңғалып қалғанын көруге болады. Ол бірден келінін құшағына басып, оған алғысын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2152129-quny-1-mln-500-myng-tengge-abai-begeiding-qyzy-enesine-qymbat-syilyq-zhasady-video/