Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маңдайыма жазылса, дайынмын": Айгүл Иманбаева тағы да балалы болғысы келетінін айтты

Жарияланған күні:

Айгүл Иманбаева
Айгүл Иманбаева. Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Жақында тұрмысқа шығып, ақ келін атанғанын хабарлаған Айгүл Иманбаева енді балалы болуға қатысты ойын айтты. Өнер иесі екінші некесінен сәби сүйгісі келетінін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева болашақта тағы да балалы болғысы келетінін "Мамский әңгіме" подкастында айтты.

Өнер иесі жолдасы екеуі де бөпелі болуға дайын екенін жеткізді. Тек осы жылды актриса түңғышына, оның тырнақалды туынсына арнағанын айтты.

"Тағы да балалы болуға дайынмын. Осы жылдың жоспарында емес, ол адымен құдайдың жоспарындағы дүние. Егер маңдайыма сол бөпе жазылса, мен дайынмын. Ер мен әйелге бөпе не үшін беріледі?! Біздің қазақта "Ойбай, қартайғанда туыпты" деген қазақтың құрып қалған сөзі бар. Біріншіден, қартайып тұрған ештеңем жоқ. 35 жасында қартайып, 45 жасында өлімге дайындалатын өлшем тек біздің қазақтарда ғана бар. Ол биологиялық өлшем емес. Мидағы ғана қалыптасқан түсінік.

Шетелде көп жүрдік. Ол жақта 35 жасқа дейін жасөспірім болып есептеледі. 35 пен 65 жастың арасы жас болып саналады. Олардың өмірі 40 жастан кейін басталады. Саяхаттап жүргендер де, серуенден жүргендер де, сүйісіп отырғандар да сол жастағы адамдар. Мен осы дүниені қазақтардан да көргім келеді. Сол үшін де балалы болудан қашып отырған жоқпын. Сондықтан біз дайынбыз. Осы жылды балама, баламның киносына арнадық. Бұйыртса келесі жылы бөпелі болып, сүйіншілейтін күнге жетейік" , - деді Иманбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2152147-mangdaiyma-zhazylsa-daiynmyn-aigul-imanbaeva-tagy-da-balaly-bolgysy-keletinin-aitty/