Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатты сөйлейтініме үйренді": Айгүл Иманбаева келініне қандай талап қойғанын айтты

Жарияланған күні:

Айгүл Иманбаева ұлымен
Айгүл Иманбаева ұлымен. Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева ауқымды сұқбат беріп, өмірінде болып жатқан жаңалықтарын бөлісті. Бұған дейін тұрмысқа шыққанын хабарлаған өнер иесі енді ұлын үйлендіріп, келін түсіргенін растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева "Мамский әңгіме" подкастында келін мен ене тақырыбын қозғап, ұлының келіншегіне қойған талабын айтты.

"Менің ұлым рухани әлемге жақын адам. Ол бренд заттарға қызықпауы мүмкін. Бірақ рухани дүниені байытатын білім теріп жүреді. Ол үшін қасындағы серігінің де сондай деңгейінде болғаныны маңызды. Босаға аттап келген күнінен бастап, "Салпыетек, басында орамалы бар, күндіз-түні әлеуметтік желіні ақтарып отыратын келін болма" деп ескерттім. "Дамуды тоқтатпай, өзіңнің қызығушылығыңды жаса" дедім. Менен гөрі анамның жанында көбірек болады. Сол кісі бәрін үйретіп жүр. Келінім менің анамды енесі сияқты сезінеді. Ал мені сырласы ретінде қабылдайды. Қарым-қатынасымыз жеңіл. Өткенде үйге барсам, сәлем салып, орамалын тағып алыпты. Менің кейде үйдегілерге қатты сөйлейтініме үйренді", - деді әнші.

Сонымен қатар өнер иесі әже атанғанын да хабарлады.

"Немерелі болғаным рас. Үш айға толды. Менен гөрі анам қасында көбірек болады. Немере бағатын әжеге ұқсамаймын ғой. Балама да бірден айтқанмын: "Мен немере бағып, жөргегін алмастырып отырмаймын. Бірақ әнімді айтып, бесігін тербетемін" дедім. Осы күнге дейін әлі шомылдырған да жоқпын", - деді актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2152387-urysyp-alatynyma-uirendi-aigul-imanbaeva-kelinine-qandai-talap-qoiganyn-aitty/