Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маңдайынан сүйіп алды": Мейрамбек Бесбаев Асанәлі Әшімовке ән арнады (видео)

Жарияланған күні:

Мейрамбек Бесбаев пен Асанәлі Әшімов
Мейрамбек Бесбаев пен Асанәлі Әшімов. Видеодан кадр: Instagram/kuan_kudaibergen

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаев аңыз актер Асанәлі Әшімовке ән арнап, ерекше құрмет көрсетті. Желі қолданушылары өнер иелерінің өзара сыйластығына тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мейрамбек Бесбаев пен Асанәлі Әшімовтың видеосы Instagram желісінде пайда болды. Бейнежазбада әншінің той үстінде өнердегі ағасына ән шырқап жатқанын көруге болады.

Бесбаев Ғазизхан Шекербековпен бірге "Достарға" атты әнін сөзін арнайы Асанәлі Әшімовке сай өзгертіп орындаған. Артынан Мейрамбек Бесбаев аңыз актерді маңдайынан сүйіп, құшақтап алған.

"Бір жауым мені күлкі қылғанда, мен үшін көкем жылап тұрады. Дұшпанға деген кетер бұл өкпе, достардың сөзі жетер жүрекке. Бір жауым мені жер қылған кезде, Асағам мені көтерді көкке", - деп шырқады әншілер.

Желі қолданушылары өнер жұлдыздарының өзара сыйластығына тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірді.

"Жарайсыздар, Асанәлі аға мәз болып қалды", "Қандай ерекше сәт, қандай құрмет. Асанәді аға әбден лайық", "Аңыз атамыздың жасы ұзақ болсын", "Аңыз актер мың жасасын", "Жараған екенсіздер", "Сыйластық деген осындай болу керек", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2152572-mangdaiynan-suiip-aldy-meirambek-besbaev-asanali-ashimovke-an-arnady-video/