Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Блогерлер мен әншілер кино түсіре бастады": Жанболат Найзабеков кино саласына бет бұруға не түрткі болғанын айтты

Жарияланған күні:

Жанболат Найзабеков
Жанболат Найзабеков. Видеодан кадр: "Қызық Live" бағдарламасы

"Өнер қырандары" театры арқылы халыққа танылған актер Жанболат Найзабеков киноиндустрияға бет бұруға не түрткі болғанын айтты. Өнер иесінің сөзінше, он жыл бойы кино түсіруді ойланып келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тележурналист Динара Сәтжанның Youtube-тегі The DS Show арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Мамандығым – театр және кино актері. Бала күнгі арманым театр сахнасында ойнау және кино түсіру болған.

Театр сахнасында ойнап жүрмін, бірақ жүрек түкпірінде кино түсірсем деген арман болды. Бұл оймен он жыл жүрдім. Өзім продюсер болып, сол киноға өзім түссем деген арман болды", - дейді актер.

Найзабеков басқа продюсерлер түсірген киноға түсуден гөрі өзі киносын шығаруды мақсат еткенін, соған жетуге әрекет жасағанын айтты.

"Айналама қарадым. Блогерлер, әншілер кино түсіре бастады. Олардың кино түсіргені маған мотивация болды, біржағынан. "Олар жасағанды неге Жанболат жасай алмайды?" деген ой келді", - деді Динара Сәтжанға берген сұқбатында актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2153085-blogerler-tusirip-bastady-akter-zhanbolat-naizabekov-kino-salasyna-bet-buruga-ne-turtki-bolganyn-aitty/