Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Орманның патшайымы": Тамара Асар отбасылық демалысы қалай өткенін көрсетті (видео)

Жарияланған күні:

Тамара Асар
Тамара Асар. Фото: Instagram/tamara_assar_official

Отандық танымал әнші Тамара Асар желіде табиғат аясынан түрлі видео жариялап, отбасылық демалысы қалай өткенін көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Тамара Асар жолдасы мен қызымен бірге орманға барып, естен кетпес демалыс өткізген. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында түрлі видео жариялап, демалысы қалай өткенін оқырмандарына да көрсеткен.

Бейнежазбада жұлдызды жанұяның табиғат аясында жүргенін көруге болады. Тамара Асар бұл демалысында квадроцикл жүргізіп, ерекше әсер алған.

Эстрада жұлдызы өзін нағыз орманның патшайымы сезінгенін жасырмады.

"Орманның патшайымы болып жүрмын. Орманның патшайымы қылып, маған тәж кигізген осы кісі. Шалшық судың бәрін шашып өту балалық кездегі рахат еді", - деп жазды Тамара Асар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2153224-ormannyng-patshaiymy-tamara-asar-otbasylyq-demalysy-qalai-otkenin-korsetti-video/