Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ішкі жан-дүниеме сәйкес келеді": Дина Төлепберген елді жаңа образымен тамсандырды

Жарияланған күні:

Дина Төлепберген
Дина Төлепберген. Фото: instagram.com/ dinatolepbergen

Отандық журналист Дина Төлепберген елді жаңа образымен тамсандырды. Ол Instagram желісіндегі парақшасына батырдың киімімен түскен суретін жүктеген.

Дина Төлепберген видеода Нұрсүлтан Мейірбекұлының өлеңін оқыған.

"Менің ішкі жан-дүниеме сәйкес келетін киімді кидім-ау ақыры… Бірақ сенің сыртқы шүберегің емес, ішкі шымырлық пен шынайылығың маңызды. Қандай сынақ келмесін - өз-өзіңді алға қарай қамшыла", - деп жазып қалдырды журналист.

Мұны көрген желі қолданушылары Дина Төлепбергенге тамсанып, оң пікірлер жазып қалдырды. Олар мотивация берген тілшінің өжеттілігіне таңғалды.

"Мықтысыз, сөз жоқ", "Қайсар қыздар, біргеміз", "Мықты қыз ғой, амандық тілейміз", "Тамаша", "Жұмысыңызға сәттілік, шаршамаңыз", "Халықтың қызы бола білдің", "Энергияңыз киімсіз-ақ шешіледі", "Тұнып тұрған мотивация ғой мына кісі", "Сәтті шыққан, тек алға, алғыр қыз!", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2153308-ishki-zhan-dunieme-saikes-keledi-dina-tolepbergen-eldi-zhanga-obrazymen-tamsandyrdy/