Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыздың жасы 18-де": блогер Нұрила Ақберген туған күнін дүркіретіп атап өтті (видео)

Жарияланған күні:

Нұрила Ақберген
Нұрила Ақберген. Видеодан кадр: Instagram/nurillaakbergen

"Меломен" әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі, танымал блогер Нұрила Ақберген туған күнін дүркіретіп атап өтті. Желі жұлдызы жаңа жасын жақын құрбыларының ортасында қарсы алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрила Ақберген туған күнін Алматыдағы мейрамханалардың бірінде атап өткен. Блогер ару мерекелік шараға арнайы дайындалған. Ол мейрамхана ішіне өз суреті бар баннерді орнатып, дастарханды ерекше стильде безендірген.

Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі жаңа жасын тек жақын құрбыларымен тойлаған. Кеш қонақтары туған күн иесіне жүрекжарды тілектерін айтып, сыйлықтарын тарту етті.

Нұрила Ақберген өзіне айтылған жылы сөздерден кейін көз жасына ерік берген.

"Айхай туған күн болды. Күлдік те, жыладық та, ойнадық та, билеп, ән айттық та", - деп жазды Нұрила Ақберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2153376-qyzdyng-zhasy-18-de-bloger-nurila-aqbergen-tugan-kunin-durkiretip-atap-otti-video/