Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қаңғытып қоюға болмайды": Жанболат Найзабеков рейс кешіктіргені үшін Air Astana компаниясына шүйлікті (видео)

Жарияланған күні:

Жанболат Найзабеков
Жанболат Найзабеков. Фото: "Қызықты weekend" бағдарламасы

Отандық әзілкеш Жанболат Найзабеков Air Astana компаниясына назын жеткізді. Оның айтуынша, Атыраудан Алматыға ұшатын рейс уақыты бірнеше рет кейінге шегерілген.

Жанболат Найзабеков өз ренішін Instagram желісінде жеткізді.

"Құрметті Air Astana! Сіздерге не болды, көз тиді ме? Түнде 00:30 дедіңіздер, 01:30-ға ауыстырдыңыздар. Одан түскі 12:30, қазір 13.30, одан соң 15:30 дедіңіздер. Енді міне, 16:30 деген хат келіп тұр.

Алматыдан жаңа ұшақ алдыратын уақыттарыңыз келді ғой. Бала-шағамен сандалып кеттік қой, ұялсаңыздаршы. Бұлай қаңғытып қоюға болмайды ғой", - деді видеода әзілкеш.

Көп ұзамай Air Astana әуекомпаниясы аталған жайтқа қатысты KAZ.NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді.

"26 тамызда сағат 00:20-да ұшуға жоспарланған Атырау - Алматы КС886 рейсі Алматы-Атырау КС885 рейсі келген кезде құстың А320 ұшағының сол қанатының қақпақтарына түсуіне байланысты сол күні алдын ала сағат 21:00-ге дейін кешіктірілді. Кешіктірілген рейстің жолаушыларына тамақ, көлік және қонақ үйге орналастыру қызметтері ұсынылды", - деді Air Astana әуекомпаниясы.

Air Astana аталған жайттың әуетасымалдаушының кінәсінен болмағанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2153380-qanggytyp-qoiuga-bolmaidy-zhanbolat-naizabekov-reis-keshiktirgeni-ushin-air-astana-auekompaniiasyna-shuilikti-video/