Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шүкір еттім": Төреғалидің қарындасы желіде жақсы жаңалығын жария етті

Жарияланған күні:

Дина Төреәлі
Дина Төреәлі. Фото: Instagram/tattti_kyz

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі желіде жақсы жаңалығын бөлісті. Желі жұлдызы ұлы 9 айға толып, өзін ерекше қуантқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дина Төреәлі Instagram-дағы парақшасында ұлымен түскен суреттерін жариялап, оған аналық ақ тілегін жолдаған. Блогер баласы 9 айға толып, алғаш рет "ана" деп айтқанын жеткізді.

"Кеше балам алғаш рет "Мама" деп сөйледі. Осындай ерекше сезімді сезіндірген Аллаға сансыз шүкір еттім. Ана атанғаныма 9 ай өте шығыпты. Батырым дені сау, үлкен азамат болып өссін", - деп жазды желі жұлдызы.

Дина Төреәлінің әпкесі Фариза Төреәлі мен жездесі Дархан Нортаев Ерманбидің 9 айға толуына орай, мерекелік кешкі ас ұйымдастырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2153385-shukir-ettim-toregaliding-qaryndasy-zhaqsy-zhangalygyn-zhariia-etti/