Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арманы жоқ шығар": итінің бір жасын тойлаған Өктем Алтаев желіде қызу талқыға қалды

Жарияланған күні:

Өктем Алтаев
Өктем Алтаев. Фото: instagram.com/oktem_altayev

Отандық танымал сазгер әрі әнші Өктем Алтаев итін бір жасымен құттақтап, желіде қызу талқыға қалды. Қалың көпшілік өнер иесінің бұл әрекетіне қатты таңғалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өктем Алтаев желіде талқы тудырған видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда сазгердің отбасы итін ортаға алып, оны бір жасымен құттықтап жатқанын көруге болады. Жұлдызды жанұя үй жануарына арнайы туған күннің қалпағын кигізіп, шам үрлетті. 

"Ит егесінің балалары көп болса, солардың қолдарынан түсіп қалған нандарды теріп жей берсем екен деп тілейді дейді. Рокки, туған күніңмен", - деп жазды әнші

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, қызу талқылап жатыр. 

"Осындай отбасылар ұнайды", "Үй жануарларын жақсы көретіндеріңіз көрініп тұр", "Итіңізге құда түсейікші. Келісім берсеңіздер, сырға салуға дайынбыз", "Үйіңізге екінші Рокки керек емес пе?", "Туған күні құтты болсын, дәу жігіт болып өсе берсін", "Қияли отбасы", "Рокки иесіне ұқсаған ақылды музыкант болсын", "Мына иттің арманы жоқ шығар", "Ит құрлы қадіріміз жоқ екен, бізді бұлай ешкім құттықтамайды", "Рокки, қандай бақыттысың", - деп жазды көпшілік. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2153470-armany-zhoq-shygar-itining-bir-zhasyn-toilagan-oktem-altaev-zhelide-qyzu-talqyga-qaldy-video/