Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елдос Колобоктың" анасы екі ұлы көлік алғанын айтып, сүйінші сұрады

Жарияланған күні:

Елдос Қадырханов
Елдос Қадырханов анасымен және бауырымен. Видеодан кадр: instagram.com/ eldos_kalabok

Танымал әзілкеш әрі асаба "Елдос Колобоктың" анасы екі ұлы көлік алғанын айтып, сүйінші сұрады. Көпшілік асабаның қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырып жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты жаңалықты Елдос Қадырхановтың анасы Жанат Қалтаева Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Сүйінші! Екі балам екі көлік алды! Отбасымыздың жаңа көлігімен таныс болыңыздар!", - дейді видеода Жанат Қалтаева мен ұлдары.

Мұны көрген көпшілік асабаға ақ тілегін жаудырып, оң пікірлер жазып қалдырды.

"Менің қос балам да осындай күндерге жетсін!", "Осындай сүйінші сұрайтын күн маған да жұғысты болсын", "Құтты болсын", "Анаңызға тікұшақ алып беруіңізге болады", "Бізге де сүйінші сұрайтын күн болсын", "Қандай керемет көлік, көз тимесін", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2153535-eldos-koloboktyng-anasy-eki-uly-kolik-alganyn-aityp-suiinshi-surady-video/