Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есейіп кетіпті": Дана Нұржігіт Қайрат Нұртас туралы ойын айтты (видео)

Жарияланған күні:

Дана Нұржігіт пен Қайрат Нұртас
Дана Нұржігіт пен Қайрат Нұртас. Видеодан кадр: Instagram/kair_n

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас мерекелік шаралардың бірінде белгілі тележүргізуші Дана Нұржігітпен кездесіп қалып, оған асқан сыйластығын танытты. БАҚ өкілі де өнердегі інісіне қолдау білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас Дана Нұржігітпен көрісіп қалғанын Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Өнер иесі танымал тележүргізушімен видео жариялап, оған деген сыйластығы ерекше екенін айтты.

"Мен өзіміздің сүйікті анамызды көріп қалдым. Дана апай, атақты, мықты журналист. Рақмет сізге. Мына өмірде сіздей жан болғанына мен қатты қуанамын. Бақытты болыңыз, отбасыңызға береке тілеймін. Сізді ерекше сыйлаймын. Біздің отбасы тек сізді қарайды, тек сізді тыңдайды. Аман болыңыз", - деді Қайрат Нұртас.

Дана Нұржігіт те өнердегі інісі туралы ойын айтты.

"Есейіп кетіпті. Баяғыда "Даражол" бағдарламасын Қайратпен бастағанбыз. Құрметті көрермендер, оқырмандар балаларымыз бір сыныпта оқиды. Осылай өмірде үзеңгілес болып келе жатырмыз", - деді тележүргізуші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2153649-eseiip-ketipti-dana-nurzhigit-qairat-nurtas-turaly-oiyn-aitty-video/