Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енді бізге жолама": блогер Арайлым Әбілсейіт күйеуімен айырылысып кеткенін айтты

Жарияланған күні:

Ақсұңқар мен Арайлым Әбілсейіт
Ақсұңқар мен Арайлым Әбілсейіт. Фото: Instagram/dearaikaa

Жастар арасында танымал блогер әрі әнші Арайлым Әбілсейіт гитарист күйеуімен айырылысып кеткенін хабарлады. Желі жұлдызы жан сырын ақтарып, жолдасынан көңілі қалғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Арайлым Әбілсейіт бұл жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария етті. Блогер ару оқырмандарына жан сырын ақтарып, жолдасы екеуінің айырылысуына не себеп болғанын айтты.

Бүгінде екінші перзентін күтіп жүрген желі жұлдызы күйеуімен балалары үшін дос болып қалатынын жеткізді.

"Біз балаларымыз үшін дос болып қаламыз. Бірақ осымен біздің жол екіге кетті. Қазір не үшін екенін ештеңе айта алмаймын. Десе де отбасы деген ұғымды түсіне алмаған, бағалай алмаған еркекке айтарым: "Енді бізге жолама". Оны екі ай көрмедім. Кеше Алматыға келді. Бірақ үйге келмеді. Мен ұйықтамай, тамақ істеп күтіп отырдым. Мүмкін келіп қалар деп ойладым.

Түскі бірде келді. Қызы соншама алдынан жүгіріп шыққанда бір шоколад та жоқ. Көңілім қалды. Менімен қалай сөйлескенін көрсетпей-ақ қояйын. Мен өзім және Ақжүрек (ред. - қызы) үшін жұмысымды жасай беремін. Бірақ Ақсұңқар қызыңды кез келген уақытта көре аласың. Мен қызымның әкесін жек көріп өскенін қаламаймын. Әзірге айтарым осы...

Қанша уақыт бойы Ақсұңқардан неге хабарласпайсың, неге көңіл бөлмейсің деп өзім сұрап алатынмын. Қадірімді түсіне алмаған адамға қашанғы олай жалынып жүремін. Енді бәріне сәттілік. Бәрі бітті", - деп жазды блогер.

Арайлым Әбілсейіттің Stories-i
Арайлым Әбілсейіттің Stories-i. Скриншот: Instagram/dearaikaa

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2153820-endi-bizge-zholama-bloger-arailym-abilseiit-kuieuimen-aiyrylysyp-ketkenin-aitty/