Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"48 жылдан кейін көрсетіп тұр": Ақбота Керімбекова балалық шағын еске алды

Жарияланған күні:

Ақбота Керімбекова
Ақбота Керімбекова. Фото: "Алғашқы" бағдарламасы

Қазақстандық танымал әнші Ақбота Керімбекова балалық шағын еске алып, оқырмандарына қызықты жайтты айтып берді. Өнер иесі неге ер мінезді болып кеткенін түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Керімбекова Instagram-дағы парақшасында анасының видеосын жариялап, өзінің сәби кезі туралы айтып берді. Бейнежазбада әншінің анасы оны перзентханадан орап шыққан көрпесін көрсетіп жатқанын байқауға болады.

Өнер иесі анасы бұл затты 48 жыл бойы сақтап келгенін айтты. Алайда шоу-бизнес жұлдызы өзін көк көрпеге орап шыққанына наразылығын білдірген.

"Біздің заман бөлек заман ғой. Бұйырғанды жейсің, табылғанды киесің. Мені перзентханадан шығарарда табылғаны осы көк конверт болыпты. Кеше нағашыларыма нәрестенің қуанышына барғанбыз, анам осыны көрсетіп тұр ғой. Мен отырмын 48 жылдан кейін "Неге қызыл емес?" деп даулап қайттым. Естелік деген осы екен. "Мінезің жігіттердікіндей" дейтіндер, неге олай екенін енді ұққан шығарсыздар", - деп жазды Керімбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2153829-48-zhyldan-keiin-korsetip-tur-aqbota-kerimbekova-balalyq-shagyn-eske-aldy/