Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайран, 18 жас": Сара Тоқтамысова мұрағаттағы видеосын жариялап, жұртты тәнті етті

Жарияланған күні:

Сара Тоқтамысова
Сара Тоқтамысова. Видеодан кадр: instagram.com/ sarkanai

Айтыскер, ақын Сара Тоқтамысова мұрағаттағы видеосын жариялап, көпшілікті тәнті етті. Ол көрерменнің сол кездегі айтысты сағынып жүргенін жасырған жоқ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айтыскер видеосын Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді.

"Қайран, 18 жас. Кеше кешке Дәурен Ысқақ бауырым жіберіпті. Мен тіпті осындай айтыс болғанын ұмытып қалғанмын ғой. Жанымдағы қарсыласым Нұрдаулет Махамет дейтін мықты ақын. Сөздері сурет еді ғой. Айтыстың көрермендері осы кездерді сағынады -ау...", - деді ол.

Мұны көрген көпшілік Сара Тоқтамысоваға ақ тілегін жаудырып, оң пікірін жазды.

"Сіздердің айтыстарыңыздай айтыс жоқ-ау қазір", "Біз де айтысты сағындық", "Сараның сұлу сазын сағынды жұрт", "Қандай керемет, сөздерін айтсаңшы", "Сүйкімді екенсіз ғой", "Шіркін, айтысты жібермей көруші едік", - деп жазды жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2153929-qairan-18-zhas-sara-toqtamysova-muragattagy-videosyn-zhariialap-zhurtty-tanti-etti/