Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қуанайын ба, көтеріп алайын ба": тележүргізуші Гүлмира Дайрабаева болашақ келінімен танысты (видео)

Жарияланған күні:

Гүлмира Дайрабаева ұлының сүйіктісімен
Гүлмира Дайрабаева ұлының сүйіктісімен. Видеодан кадр: Instagram/archibaaalt

Жастар арасында кеңінен танымал блогер Артур Асқарұлының жеке өмірінде жақсы жаңалықтар орын алуда. Желі жұлдызы маңызды қадам жасап, сүйіктісін анасы Гүлмира Дайрабаевамен таныстырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Артур Асқарұлы ғашығы мен анасының алғаш кездескен сәтін видеоға түсіріп, көпшілікке көрсетті. Блогер отбасылық отырыста жасалған фото мен видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады.

"Бүгін өмірімдегі ең басты екі әйел танысып жатыр", - деп жазды блогер.

Бейнежазбада Гүлмира Дайрабаеваның ұлының сүйіктісін бірден құшақтап, қуанышын жасыра алмай тұрғанын көруге болады.

"Осы күнге де жеттік-ау. Қуанайын ба? Көтеріп алайын ба", - деді тележүргізуші.

Сонымен қатар Гүлмира Дайрабаева кездесуден кейін ұлының ғашығын үйіне шақырып, пәтерінде жасаған жөндеу жұмыстарын көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2153944-quanaiyn-ba-koterip-alaiyn-ba-telezhurgizushi-gulmira-dairabaeva-bolashaq-kelinimen-tanysty-video/