Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жатын бөлмеме рұқсатсыз кірмеңдер": Ләйлә Сұлтанқызы бала тәрбиесіне қатысты сөз қозғады

Жарияланған күні:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Видеодан кадр: Instagram/ sultankyzy

Отандық журналист Ләйлә Сұлтанқызы бала тәрбиесіне қатысты өз ойын айтты. Ол балалардың тәуелсіз тұлғаға айналуына ата-аналардың ықпалы зор екенін алға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы пікірін Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Менің жатын бөлмеме рұқсатсыз кірмеңдер деп ұрысамын. Психологияда сепарация деп баланың ата-анасынан бөлініп, бірте-бірте тәуелсіз тұлғаға айналуын атайды. Дер кезінде түсіну, бөліну, жіберу, босату болмаған соң біз көп жағдайда өмірімізді оларсыз елестете алмаймыз. Қаншалықты дұрыс немесе бұрыс?

Шетелде 18-ге толғанда баланы үйден қуып жібереді екен (өз күнін өзі көрсін, жеке тұлға деп) дегенді естігенмін. "Бұл қалай?" деп ойланып қалдыңыз ба?

Балаларымыз:

  • Өз өмірі, оны өздігінше қабылдайтынын;
  • Қарсылық білдірсе, оны қалыпты жағдай екенін;
  • Біз әперген киімді кимейтінін, біз айтқанды жемейтінін, біз қалаған прическаны таңдамайтынын;
  • "Өзім білем" деген сөз білмесе де айтыла салатын сөз екенін;
  • Анашым бос емеспін,сосын хабарласамын дейтінін;
  • Бізді асырауға міндетті емес екенін...жалғастыра беруге болады.

Біз, ата-аналар, қабылдап, ойлап, уайымдап, 18-ге келгенде өз еркіне босата аламыз ба (іштей)?Босата алмасақ, оны мойындап, босатудың жолдарын кімнен сұрап, қайдан білеміз?", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2154027-oz-erkine-bosata-alamyz-ba-laila-sultanqyzy-bala-tarbiesine-qatysty-soz-qozgady/