Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзіме ақыл үйрететін болды": актриса Нұргүл Мыңғатова отбасы туралы сыр шертті

Жарияланған күні:

Нұргүл Мыңғатова актриса
Нұргүл Мыңғатова. Фото: "Қыздар-ай" бағдарламасы

Отандық танымал актриса Нұргіүл Мыңғатова отбасы туралы сыр шертіп, баласын неге ел алдына шығармайтынын айтты. Өнер иесі түсірілімдері тым көп болса да, перзентіне барынша уақыт табуға тырысатынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұргүл Мыңғатова отбасы туралы Динара Сәтжанға берген сұқбатында айтып берді. Актриса ұлын неге көпшілікке көрсетпейтінін түсіндірді.

"Түсірілім біткен бойда көлік қайда деп балама баруға тырысамын. Құшақтап, мыжып-мыжып, жанында ұйықтап, келесі күні әңгімемді айтып, содан кейін ғана жұмысқа кетемін. Бұйыртса енді ғана есейіп, жігіт болып келе жатыр. Қазір жасы үштен асты. Мен үшін әлі кішкентай. Өзім кеш босанғаннан кейін аялап жүрмін.

Шынымды айтсам, бәріне қызық, көргілері келеді. Кішкене өсіп алсын деп жүргенде жасы үштен асып кетіпті ғой. Қазір менімен сөйлесіп, өзіме ақыл үйрететін болды. Қазір оны видеоға түсіріп, контент түсіруге болады негізі. Бірақ басқа да ойым бар. Мүмкін бейнебаянда көрсетермін" , - деді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2154237-ozime-aqyl-uiretetin-boldy-aktrisa-nurgul-mynggatova-otbasy-turaly-syr-shertti/