Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менің қатысым жоқ": Raim желідегі оқырмандарына күтпеген мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан мен Раим
Ерке Есмахан мен Раим. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Отандық әнші Raim әлеуметтік желідегі оқырмандарына маңызды мәлімдеме жасады. Ол өз тыңдармандарын жалған парақшаларға сенбеуге шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесінің айтуынша, қазір TikTok желісінде өз атынан ашылған жалған парақшалар бар.

"Менде TikTok қосымшасы және TikTok парақшасы жоқ. Менің атымнан сурет, видео салып немесе менің атымнан сөйлеп, жауап беріп жатқан адамдарға сенбеңіздер. Raim деген парақшалардың ешқайсысына менің қатысым жоқ", - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін отандық эстрада жұлдызы Ерке Есмахан Instagram желісіндегі парақшасында өткен өмірі жайлы сөз қозғаған еді. Ол күйеуі үйленбей тұрып та өзіне бағалы сыйлықтар әпергенін айтқан.

Raim желідегі жазбасы
Raim желідегі жазбасы. Скриншот: instagram.com/ raimusician

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2154282-mening-qatysym-zhoq-raim-zhelidegi-oqyrmandaryna-kutpegen-malimdeme-zhasady/