Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айсәуле Бақытбек үшінші баласының жынысын жария етті (видео)

Жарияланған күні:

Айсәуле Бақытбек күйеуімен
Айсәуле Бақытбек күйеуімен. Фото: Instagram/aissaulebakytbek

Қазақстандық танымал блогер Айсәуле Бақтыбек гендер-пати өткізіп, үшінші перзентінің жынысы жария етті. Желі жұлдызы отбасылық қуанышын желіде оқырмандарымен бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айсәуле Бақытбек гендер-пати шарасын тек ет-жақындарының ортасында өткізген. Блогер Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, алдымен туғандарының болжамын көрсетті. Жұлдызды жанұяның басым көпшілігі қыз болады деп ойлаған.

Айсәуле Бақытбек артынан жолдасы екеуінің суретін жариялап, гендер-патидің нәтижесін бөлісті. Ерлі-зайыпты тағы да қызды болады.

"Әлішердің бағы тағы бір гүлмен толықпақ", - деп жазды блогер ару.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны жарыса құттықтап, ақ тілегін жолдады.

Айта кетейік, бұл ерлі-зайыптының үшінші қызы болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2154295-aisaule-baqytbek-ushinshi-balasynyng-zhynysyn-zhariia-etti-video/