Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біреуге ғашық па екен": Садраддиннің желідегі жазбасы қызу талқыға түсті (фото)

Жарияланған күні:

Садраддин
Садраддин. Фото: instagram.com/ sadraddin

Отандық әнші Садраддин әлеуметтік желіде жазба жариялады. Instagram-дағы парақшасын белсенді қолданбайтын өнер иесі өз сөзімен көпшілікті ойландырып қойды.

Жақында Алматыда концерт бергелі жатқан Садраддин желіде махаббат жайлы сыр шертті.

"Арамызда драма кейде мелодрама… Шын ғашықтар неліктен қосылмайды екен?", - деп жазды ол.

Мұны оқыған желі қолданушыларының ойы сан-саққа жүгірді. Олар әншіге түрлі пікір жазып қалдырды. Оқырмандардың кейбірі бұл сөздер әншінің жаңа әнінің мәтінінен алынған болуы мүмкін екенін алға тартты.

"Махаббат қаласына менімен барасың ба?", "Не деген сөздер бұл?", "Қартаяйын депсің Садраддин", "Біреуге ғашық па екен?", "Сүйкімдісін-ай", "Кімге ғашық болып жүрсіз, қосып жіберейік", "Келесі әннің сөздері ме?", "Кімді қатты сүйесің, сонымен сыналасың", "Мен ұнаймын ба?"- деп жазды жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2154313-bireuge-gashyq-pa-eken-sadraddinning-zhelidegi-zhazbasy-qyzu-talqyga-tusti-foto/