Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Мырзахановтың әйелі бесінші баласы дүниеге келгенін айтып, сүйінші сұрады (фото)

Жарияланған күні:

Қайрат Мырзаханов пен жұбайы перзентханада
Қайрат Мырзаханов пен жұбайы перзентханада. Фото: instagram.com/ sholpanmironovna

"Меломен" тобының солисі Қайрат Мырзахановтың әйелі бесінші баласы дүниеге келгенін айтып, сүйінші сұрады. Ол қуанышты жаңалығын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Шолпан Мырзаханова оқырмандарына перзентханадағы суретін көрсетті. Артынша жазбаны Қайрат Мырзахановтың өзі де бөлісті.

"Сүйінші. Ресми түрде бес баланың ата-анасы болдық. Аллаға сансыз шүкір", - деп жазды олар.

Мұны көрген көпшілік ерлі-зайыптыларды құттықтап, ақ тілегін арнады.

"Бауы берік болсын", "Үлкен азамат болып өсе беріңдер", "Ғұмыры ұзақ, салиқалы ұрпақ болсын", "Маған жұғысты болсын", "Аман-есен босанып алуыңызбен", "Көз қуаныштарыңыз болсын", - деді желі қолданушылары.

Айта кетейік, осыған дейін Қайрат Мырзаханов қызына арнап ән айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2154334-qairat-myrzahanovtyng-aieli-besinshi-balasy-duniege-kelgenin-aityp-suiinshi-surady-foto/