Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір сүйсе, қатты сүйеді": Дильназ Ахмадиева бұрынғы күйеуімен қайта қосылды

Жарияланған күні:

Дильназ Ахмадиева күйеуімен
Дильназ Ахмадиева күйеуімен. Фото: Instagram/dilnaz_akhmadiyeva

Қазақстандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева бұрынғы күйеуі Әзілхан Сейітбаевпен қайта қосылды. Бұл жаңалықты белгілі продюсер Жан Мұқанов әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жан Мұқанов өнердегі әріптесі үшін қатты қуанып, Instagram-дағы парақшасында жазба арнаған. Ол жолдасы екеуіне ақ тілегін жолдады.

"Әлеуметтік желіге кірмегелі көп болды. Сол себепті мына жарасымды жұптың қосылғаны туралы жаңалықты жіберіп алыппын. Дильназ, сені ұзақ уақыт танимын. Сен бір сүйсең, қатты сүйетін адамсың. Оны жақсы білемін. Сендерге тек қана бақыт тілеймін", - деп жазды продюсер.

Оған қоса әншінің жеке парақшасында Әзілхан Сейітбаевпен түскен видеолары пайда болған. Желі қолданушылары жұлдызды жұп үшін қатты қуанып, оларды жарыса құттықтауда.

Айта кетейік, Дильназ Ахмадиев пен Әзілхан Сейітбаев 2017 жылы кездесіп, 2020 жылы ұлды болды. Өткен жылы ерлі-зайыптының ажырасып кеткені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2154520-bir-suise-qatty-suiedi-dilnaz-ahmadieva-buryngy-kuieuimen-qaita-qosyldy/