Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блогер Мерей Әбілованың әкесі өмірден өтті

Жарияланған күні:

Мерей Әбілова
Мерей Әбілова. Фото: Instagram/abilovva_m

Жастар арасында кеңінен танымал блогер Мерей Әбілованың отбасында қайғылы жағдай орын алды. Желі жұлдызының әкесі өмірден өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қаралы хабарды Мерей Әбілованың өзі Instagram-дағы парақшасында хабарлаған. Блогер әкесіне жантебірентерлік жазба арнап, елді жылатты.

"Әкешім. Өмірімдегі үлгі тұтатын жан. Сіздің берген өсиетіңізбен бой жеттік. Сізге қарап, өз жұбымызды таптық. Ақ батаңыздың арқасында жаман өмір сүрмедік. Елге қаншама еңбегіңізді тигізіп кеттіңіз. Менің әкем ар-абыройы бойында, әділ, шыншыл жан болды. Енді Алла сізді өз рақымына алсын. Сізді тек жәннатпен сүйіншілесін. Біз артыңызда қалған ұрпақ, құран бағыштап, сізге арнап сауапты істер жасап, Алладан сізге пана сұраймыз", - деп жазды желі жұлдызы.

KAZ.NUR.KZ редакциясы Мерей Әбілованың отбасына қайғыра көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2154729-bloger-merei-abilovanyng-akesi-omirden-otti/