Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жылы естеліктер қалады": Тәуекел Мүсілім отбасымен ерекше видео жариялап, елді сүйсінтті

Жарияланған күні:

Тәкеуел Мүсілім жұбайы Махаббатпен. Фото
Тәкеуел Мүсілім жұбайы Махаббатпен. Фото: Instagram/mahonti__

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілім желіде ерекше отбасылық видео жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Оқырмандар жұлдызды жанұяға тәнті болып, оларға ақ тілектерін жаудырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тәуекел Мүсілім аталмыш видеоны Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Онда өнер иесінің әйелі мен екі ұлымен табиғат аясында ерекше демалыс өткізіп жатқанын көруге болады.

"Жаздың аяқталуына аз қалды. Жадыңызда тек жылы естеліктер қалады. Сіздің 2024 жылғы жазыңыз қалай өтті? Жоспарлаған дүниелеріңізді іске асырып үлгердіңіз ба", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяға тамсанып, оларға жылы лебізін білдірген. Қалың көпшілік ерлі-зайыптының арасындағы махаббат пен жылулыққа тәнті болған.

"Өмірлеріңіздің жазы бітпесін, бақыттарыңыз баянды болсын! Алла тіл көзден сақтасын", "Барлық фото мен видеоларды, бар уақытын отбасына арнайды. Жарайсың", "Тәуекел отбасымен қуана білетін, сәбилерімен мақтана білетін тамаша жан", "Келіншегі екеуінің махаббаты видеодан байқалып тұрады", "Менің сүйікті жұбым. Бақытты сәттеріңіз көп болғай", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2154858-zhyly-estelikter-qalady-tauekel-musilim-otbasymen-erekshe-video-zhariialap-eldi-suisintti/