Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Міне, деңгей": Қыран Талапбек пен жұбайы Әзербайжан президентімен кездесті (видео)

Жарияланған күні:

Қыран Талапбек пен жұбайы Әзербайжан президентімен
Қыран Талапбек пен жұбайы Әзербайжан президентімен. Видеодан кадр: instagram.com/ kyran_talapbek

Қазақстандық мобилограф Қыран Талапбек пен жұбайы Гүлзада Тұрлаш Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Маңызды кездесу жайында мобилографтың өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Ол кездесудің видеосын да көрсетті.

"Әзербайжан президенті Ильхам Гейдарұлы Әлиевпен кездесу үлкен мәртебе. Осындай мүмкіндік үшін Эмин Аразұлына алғыс айтамыз", - деп жазды ол.

Артынша жазбаны Қыран Талапбектің жұбайы Гүлзада Тұрлаш та бөлісті. Ол аталған мемлекеттің бірінші тұлғасымен танысып, қол алысқаны үшін риза екенін айтты.

Ал желі оқырмандары мобилограф пен жұбайына оң пікір жазып қалдырды.

"Міне, деңгей. Қыран басқа елдердің көшбасшыларымен байланыс орнатып жатыр. Тоқтама", "Біздің президентпен кездесті ме деп ойладым", "Мобилографтың осындай деңгейге жетуі тарих қой", "Жарайсың", - деді жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2155107-qyran-talapbek-pen-zhubaiy-azerbaizhan-prezidentimen-kezdesti/