Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Өнербаев Түркістан облысының "Құрметті азаматы" атанды (видео)

Жарияланған күні:

Дархан Сатыбалды мен Нұрлан Өнербаев
Дархан Сатыбалды мен Нұрлан Өнербаев. Фото: instagram.com/ turkistantv

Нұрлан Өнербаев Түркістан облысының "Құрметті азаматы" атанды. Бұл туралы "Түркістан" телеарнасы Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

Телеарна ұсынған видеоға сүйенсек, төсбелгіні өнер иесіне Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды табыстаған.

"Анашым", "Әке арманы", "Қарағым-ай", "Ауылым" әндерімен күллі қазақ даласын тербеген, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері – Нұлан Өнербаев Түркістан облысының "Құрметті азаматы" атағын иеленді",- делінген телеарна жазбасында.

Айта кетейік, Нұрлан Әлтайұлы Өнербаев 1961 жылы 4 қарашада қазіргі Түркістан облысы Төле би ауданындағы Қазақстан ауылында туған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2155125-nurlan-onerbaev-turkistan-oblysynyng-qurmetti-azamaty-atandy/