Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шок болып отырмын": Алтынай Жорабаева жақсы жаңалығын жария етті

Жарияланған күні:

Певица Алтынай Жорабаева
Певица Алтынай Жорабаева: Instagram.com/altynaizhorabayeva

Отандық танымал әнші Алтынай Жорабаева желіде жазба жариялап, қызына қатысты тағы бір жақсы жаңалықты бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Қуанышы қойнына сыймаған жұлдызды ана жақсы жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария еткен. Жорабаеваның тұңғышы Қытайдың тағы бір ірі университетінен оқуға шақырту алған.

"Аллаға мақтаулар мен мадақтар. Шок болып отырмын. Өткенде BFSU -ға шақырту алып еді ғой. Енді осы Minzu university of China-дан шақырту келді. Аяулым осы екі университеттің бірін таңдау керек. Қазір осы Minzu университетін қарап жүрміз. Содан кейін BFSU -ге барамыз дейді. Салыстырып қараған соң, шешім қабылдамақ. Қазақстандағы Қытай елшілігіне мың алғыс. Бас елшінің: "Екі елдің достығы үшін болашақ ұрпақ жақсы білім алуы тиіс" деп бар көмегін аямады. Алла көп көрмесінші. Не деген бақыт", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2156188-shok-bolyp-otyrmyn-altynai-zhorabaeva-zhaqsy-zhangalygyn-zhariia-etti/