Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оның істегенін ақтау мүмкін емес": Айсәуле Бақытбек әкесімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты

Жарияланған күні:

Айсәуле Бақытбек
Айсәуле Бақытбек. Фото: Instagram/aissaulebakytbek

Қазақстандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек әкесімен қарым-қатынасы туралы жан сырын ақтарды. Желі жұлдызы бұгінде әкесімен араласқанымен, оның анасына істегенін ақтау мүмкін емес екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айсәуле Бақытбек Instagram-дағы парақшасында оқырманы жолдаған сұраққа жауап беріп, әкесімен қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты.

"Мен әкеммен түскен фотомды жарияласам, маған кейбір оқырмандарым: "Жарайсың, араласқаның жақсы" деп пікір жазады. Олардың маған жұмсартып айтқан пікірлері ұнамайды. Әкемнің ісі - ақтауға келмейтін дүние. Ешқандай жағдайда. Бұл сурет және біздің араласатынымыз, оны аз да болса түсінетінімді немесе ақтағым келетінін білдірмейді. Бұл олай емес", - деп жазды желі жұлдызы.

Блогер ата-анасы ажырасқаннан кейін әкесімен бұрынғыдай қарым-қатынаста қалу оңайға соқпағанын мойындады.

"Бұл қарым-қатынасты ұстау маған оңай емес. Көп еңбек пен күш-жігерді қажет етеді. Оны ол тіпті білмеуі де мүмкін. Мен кейбір дүниелерді кешіруге болмайтынына сенемін. Бірақ оған қоса, мен сол адамның арқасында осы өмірде бар екенімді білемін. Сондай-ақ әкем маған көп жыл бойы өте жақсы әке болды. Иә, адам қорқынышты әрекеттерден кейін де балалары және немерелерімен сөйлесуге құқылы. Өйткені, бұл - өмір. Ал өмірдің қыры шексіз көп. Көбіңіз менің өмірімнің қыр-сырын және менің іс-әрекеттерімді түсіне алмайсыздар. Мен де сіздерді түсіне алмайтыным сияқты", - деп жазды Айсәуле Бақытбек.

Айсәуле Бақытбектің Stories-i
Айсәуле Бақытбектің Stories-i. Скриншот: Instagram/aissaulebakytbek

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2156208-onyng-istegenin-aqtau-mumkin-emes-aisaule-baqytbek-akesimen-qandai-qarym-qatynasta-ekenin-aitty/