Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жетінші арна" жаңа маусымын жариялады (видео)

Жарияланған күні:

Коллаж
Коллаж: "Жетінші" арна

Бүгін "Жетінші арна" жаңа маусымының промо-бейнесін жариялады.

Промо-бейнеден арна жүргізушілерінің толық жаңарғанын байқауға болады. Олардың қатарында Нартай Аралбайұлы, Динара Сатжан, Әйгерім Сейфолла, Ардақ Қасымхан, Алмас Әшім және басқа да танымал журналистер бар.

"Жетінші арна" бұл маусымда бағытын да өзгерткен сияқты. Күзгі маусымның промо-бейнесінде арна эфирінен қоғамдық, саяси, әлеуметік бағыттағы жаңа жобалар шыға бастайтынын байқауға болады.

Айта өтейік, "Жетінші арна" республиканың барлық өңіріне хабар таратады. 9 қыркүйекте арнаның құрылғанына 15 жыл толады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2156257-zhetinshi-arna-zhanga-mausymyn-zhariialady-video/