Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айгүл" ансамблінің солисі болып шықты": Айгүл Иманбаева енесі де әнші екенін айтты

Жарияланған күні:

Айгүл Иманбаева
Айгүл Иманбаева. Скриншот: "Қыздар-ай" бағдарламасы

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева қандай әулетке келін болып түскенін айтты. Өнер иесінің енесі де танымал әнші болып шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Иманбаеваның енесі "Айгүл" ансамблінің алғашқы солисі Ақжан Жайсаңбаева екені белгілі болды. Эстрада жұлдызы жолдасының анасы кім екенін білгенде қатты таңғалып қалғанын жасырмады.

"Жолдасым бір күні "Айтпақшы менің мамам әнші ғой" деді. "Аты кім?" дедім. "Ақжан Жайсаңбаева, "Айгүл" ансамблінің ең алғашқы солисі" деді жолдасым. "Менің атымды "Айгүл" ансамблінің құрметіне қойған. Бұл қалай сонда?" деп қатты таңғалдым. Сонда барып Алла тағаланың бұл азаматты менің маңдайыма жазғанын түсіндім. Тек ол да үйленіп, өмірге қыз келуі керек болды. Менің де тұрмыс құрып, өмірге ұлым келуі керек болды. Екеуміз өмірді сүріп, өмірдің мән-мағынасын түсініп, толысып барып кездесуіміз керек болған екен", - деп ағынан жарылды өнер иесі "Сырласу" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2156538-aigul-ansamblining-solisi-bolyp-shyqty-aigul-imanbaeva-enesi-de-anshi-ekenin-aitty/