Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрболат Абдуллин қызының тілашар тойын дүркіретіп атап өтті (видео)

Жарияланған күні:

Нұрболат Абдуллин отбасымен
Нұрболат Абдуллин отбасымен.Фото: Instagram/almas_koja

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Нұрболат Абдуллин қызының тілашар тойын өткізді. Жұлдызды жанұяның қуанышына барша ет-жақындары мен бірқатар өнер иесі келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрболат Абдуллиннің қызының тілашар тойын Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде атап өткен.

Мерекелік кешке ерлі-зайыптының ет-жақындары мен өнердегі аға-достары құттықтап келген. Жұлдызды меймандар арасында Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева, Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова, Гүлзира Айдарбекова, Әбдіжаппар Әлқожа, Асхат Тарғын, Қайрат Әділгерей және т.б бар.

Нұрболат Абдуллиннің достары әншінің қызына ақ тілегін айтып, артынан жиналған қауым үшін өнер көрсетті. Оған қоса өнер иесінің қыздары әжелеріне ән шырқады. Той қонақтары әсерлі сәттің видеосын желіде бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2156557-nurbolat-abdullin-qyzynyng-tilashar-toiyn-durkiretip-atap-otti-video/