Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі қасымда, ешкімді тастаған жоқпын": әнші Айқын әйелін тастап кетті дегендерге жауап берді

Жарияланған күні:

Айқын мен Жұлдыз
Айқын мен Жұлдыз. Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген желіде өзін сынға алған оқырманға жауап берді. Желі қолданушысы өнер иесін бірінші әйелін тастап кетті деп сөгіп тастады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан аруы - 2013" байқауының жеңімпазы Айдай Исаева Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Қалың көпшілік бейнежазбада Айқын Төлепберген мен оның әйелі Жұлдыз Өмірғалиді көріп, оларды жарыса сынға алған.

"Айқын әйелін тастап кеткелі ұнамай қалды", "Келіншегін тастап кеткенде өзім де жылап алған едім", "Айқын мағанда ұнамай қалды. Балалы болып, жас қызға кетіп қалды. Тастап кеткен әйелінің бағы ашылсын. Бақытты болсын", "Айқын сол жағдайдан соң мүлдем ұнамай қалды. Әндерін тыңдамай кеттім", - деп жазуда желі қолданушылары.

Айқын Төлепберген өзіне жауған толассыз сыннан кейін оқырмандарға жауап беруді жөн көрген.

"Бәрі қасымда. Ешкімді тастаған жоқпын", - деп қысқа жауап қатты әнші.

Айдай Исаеваның видеосының астындағы пікірлер
Айдай Исаеваның видеосының астындағы пікірлер. Скриншот: Instagram/aiday_issayeva

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2156575-bari-qasymda-eshkimdi-tastagan-zhoqpyn-anshi-aiqyn-aielin-tastap-ketti-degenderge-zhauap-berdi/