Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұбымызды сақтап қала алмадық": Дильназ Ахмадиева бұрынғы күйеуімен қайта қосылғанын жоққа шығарды

Жарияланған күні:

Дильназ Ахмадиева бұрынғы күйеуімен
Дильназ Ахмадиева бұрынғы күйеуімен. Фото: Instagram/dilnaz_akhmadiyeva

Қазақстандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева өзінің бұрынғы күйеуімен қайта қосылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұған дейін белгілі продюсер Жан Мұқанов өнер иесінің экс-жолдасымен бас қосқанын хабарлаған болатын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дильназ Ахмадиева Instagram-дағы парақшасында бұрынғы күйеуімен түскен суретін жариялап, ел арасында айтылып жатқан қауесеттерге жауап берді. Өнер иесі экс-жолдасымен қасылмаса да, жақсы қарым-қатынас сақтап қала алғанын айтты.

"Біз қосылған жоқпыз. Бірақ дәл осы ер азаматтың баласын дүниеге әкелгеніме қуаныштымын. Ол өте данагөй, өнерлі адам. Оның бойында маған ұнайтын қасиеттер өте көп. Біз жұбымызды сақтап қала алмадық. Бірақ оның сүйіктісінің жолы болары анық. Әзілхан, саған бар жақсылықты тілеймін. Сені бауырымдай қатты жақсы көремін", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі продюсер Жан Мұқанов Дильназ Ахмадиеваның бұрынғы күйеуімен қайта қосылғанын жазған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2156992-zhubymyzdy-saqtap-qala-almadyq-dilnaz-ahmadieva-buryngy-kuieuimen-qaita-qosylganyn-zhoqqa-shygardy/