Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үлгі алыңдар": әйеліне ас әзірлеуге көмектескен Заттыбек Көпбосынұлы елді сүйсінтті (видео)

Жарияланған күні:

Заттыбек Көпбосынұлы
Заттыбек Көпбосынұлы. Фото: Instagram/zattybek

Қазақстандық танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы желіде әйелімен түскен видеосын жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Қалың көпшілік келіншегіне ас үйде көмектесіп жүрген өнер иесіне тәнті болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Заттыбек Көпбосынұлы аталмыш видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда әншінің әйеліне тамақ әзірлеуге көмектесіп жатқанын көруге болады. Өнер иесі келіншегіне қолғабыс етіп, онымен бірге манты түйген.

Шоу-бизнес өкілінің бұл әрекеті елдің ыстық ықыласына ие болды. Оқырмандар қауымы Заттыбек Көпбосынұлының адамгершілігі мен қарапайымдылығына тәнті болып, жігіттер қауымына одан үлгі алуға кеңес берді.

"Мына видеодан үйінің берекесі сезіледі", "Керемет көрініс екен", "Үйінің берекелі екені көрініп тұр", "Жарайсыз, әйелінің еңбегінің қадірін білетін азамат", "Отбасына деген қамқорлығы бір төбе", "Зәкеңнен үлгі алыңдар!", "Ас әзірлеуге көмектескенде тұрған ештеңе жоқ", "Көптеген жігітке үлгі болар жан", - деп жазады көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2157411-ulgi-alyngdar-aieline-as-azirleuge-komektesken-zattybek-kopbosynuly-eldi-suisintti-video/