Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"АҚШ-та қыдырып жүретін едім": Ерке Есмаханның Америкадағы концерті кейінге қалды

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде оқырмандарына үндеу жасап, жағымсыз жаңалығын хабарлады. Өнер иесі жолдасы Райм екеуінің қыркүйек айына жоспарланған Америкадағы концерті кейінгі шегерілгенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан бұл туралы Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Әнші ару өкінішін білдіріп, концерттері енді ақпан айына ауысқанын жария етті.

"Айтпақшы, АҚШ-тағы концерттеріміз визамыздың дайын болмағанына байланысты ақпан айына ауысты. Қазір Америкада қыдырып жүретін едім. Әрине, барлығына шүкір", - деп жазды өнер иесі.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан мен Raim АҚШ-тың төрт қаласында концерт беретінін хабарлаған еді. Жұлдызды жұп 4-8 қыркүйек аралығында Хьюстон, Чикаго, Лос-Анджелес пен Нью-Йорк қалаларында өнер көрсетуі керек болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2157501-aqsh-ta-qydyryp-zhuretin-edim-erke-esmahannyng-amerikadagy-kontserti-keiinge-qaldy/