Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ғашық болды": Қалдыбек Құрманәлі Мадина Ералиева мен Болат Атабаевтың махаббаты туралы айтты

Жарияланған күні:

Қалдыбек Құрманәлі
Қалдыбек Құрманәлі сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/KTK TV

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі марқұм Мадина Ералиеваны еске алып, оның Болат Атабаевпен қарым-қатынасы туралы сыр шертті. Өнер иесі кезінде әнші әпкесіне ғашық жігіттер көп болғанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қалдыбек Құрманәлі Мадина Ералиева мен Болат Атабаевтың махаббаты туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтты. Композитор олардың бір-біріне қатты ғашық болғанын жеткізді.

"Мадина Арсенді күлге аунап туған жоқ. Болат Атабаев – баласының биологиялық әкесі. Арсенді бәрі Мәдинаның баласы дейді, олай емес. Ол – Болат Атабаевтың баласы. Екеуі ғашық болды. Болат менің жездем болды. Мәдинаны әпке дейтінмін. Болат – үлкен аңызға айналған тұлға, қайраткер, ондай режиссер кемде-кем", - деді сазгер.

Сонымен қатар Қалдыбек Құрманәлі Болат Атабаевты ұлымен қалай табыстырғанын да еске алды.

"Бірде Мадина Ералиеваны еске алу кешін Астанада өткізетін болдық. Арсеннің үйіне барып, шаршап, ұйықтап қалдым. Кештің режиссері Болат Атабаев болды. Басында көнгісі келмеді. Сосын "өткен шақпен сөйлеудің қажеті жоқ, балаңыз бар" деп айттым. Арсеннің үлкен ұлы Әлішер кішкентай еді. Қайта-қайта маған келіп, "ата" деп құшақтай береді. Бір күні Болат Атабаевты алып барып, "Әлішер, міне, атаң" деп көрсеттім. Жұрттың бәрі Мәдина Ералиеваның күйеуін көргісі келеді. Сахнаға шығып сөйлеп, режиссері ретінде Болат Атабаевты ортаға шығардым, көрсеттім. Сондықтан Арсенді айтқанда тек анасы мен әкесін де бірге айту керек. Бұл - тектінің ұрпағы" , - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2157579-gashyq-boldy-qaldybek-qurmanali-madina-eralieva-men-bolat-atabaevtyng-mahabbaty-turaly-aitty/