Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келін болғаныңды көріп көңілім бұзылды": Абай Бегей қызына терме арнады

Жарияланған күні:

Абай Бегей қызымен
Абай Бегей қызымен. Фото: Instagram/abai_begei

Отандық танымал әнші Абай Бегей 16 жасындат тұрмысқа шыққан қызына терме арнап, елді жылатты. Өнер иесі перзенті екеуінің әсерлі сәтін желіде бөліскен, жеп жазады KAZ.NUR.KZ.

Абай Бегей тұрмысқа шыққан соң, үйіне алғаш рет келген қызына терме арнады. Әнші ерекше отбасылық видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

"Келін болған қызымды көріп көңілім бұзылды. Танымайтын жат елдің, шайын құйып, сызылды. Көлегейлеп көзімді, көзімнен жасым үзілді. Еркелігі үйдегі елес боп көзге ілінді", - деп жырлады өнер иесі.

Желі қолданушылары әсерлі сәтке куә болып, әкесі мен қызына жылы лебізін білдірген.

"Абайдың қызына деген сағынышы осы термемен жетті", "Екі жас бақытты болсын!", "Өте дұрыс жазылған терме екен", "Күйеу бала алған қызын жылатпауы керек", "Қайта-қайта тыңдап, жылай бердім", – деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2157676-kelin-bolganyngdy-korip-kongilim-buzyldy-abai-begei-qyzyna-terme-arnady-video/