Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауыр соққы болды": Мадина Ералиеваның құрбысы оның өміріндегі қиын кезең туралы айтты

Жарияланған күні:

Мадина Ералиева
Мадина Ералиева. Фото: Mediastar.kz

Танымал әнші Мадина Ералиеваның құрбысы Гүлзия Байбосынова оның өміріндегі қиын кезең туралы сыр шертті. Ол жұлдызды құрбысының сахнадан шеттетілген кезін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзия Байбосынова біраз уақытқа сахнадан шеттетілу Мадина Ералиева үшін аса ауыр соққы болғанын айтты. Үлкен шараларда өнер көрсете алмаған кезде әнші пәтерінің жөндеу жұмыстарымен айналысқан.

"Ол 46 жыл ғұмыр кешті. Сол ғұмырының 15 жылын ғана сахнада шалқып ән айтты. 15 жылдың ішінде де үш жылы кем. Себебі оған мен ғана куәмін. Ұлы Абай атамыздың 150 жылдық концерті ЮНЕСКО көлемінде тойланып жатты. Мемлекеттік деңгейде өтетін концертінен Мәдина алынып тасталды. Одан кейін Қарасай батырдың және Жамбыл Жабаевтың үлкен мерекелік концертінен сызылып, шеттетіліп қалды.

Осы кездер оған өте ауыр соққы болды. Жаны жүдеп, алған 200 шаршы метрлік үйінің жөндеу жұмыстарымен айналысып кетті. Жаны жүдеген кезде "күлдірші мені" дейтін. Менің айтқандарыма ішегі қатып күлетін. Бірақ сахнада неге шеттетілгенін білмедім", - деді Байбосынова "Астарлы ақиқат" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2158030-auyr-soqqy-boldy-madina-eralievanyng-qurbysy-onyng-omirindegi-qiyn-kezeng-turaly-aitty/